Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

211

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 492-499 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр        Фото: Pixabay

Ұлттық банктің 8 наурызға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 494,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,58 теңге. Еуро – 537,40.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 495 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 492 теңге. Еуро 532-537 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 499 теңге, сатып алу құны – 492 теңге. Еуро 536 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,45-5,55 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 7 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,07 теңгеге төмендеп, 494,26 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу