Ұлттық банктің 9 наурызға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 494,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,58 теңге. Еуро – 537,40.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 495,97 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 492,81 теңге. Еуро 531,6-537,4 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 498,34 теңге, сатып алу құны – 492,23 теңге. Еуро 536 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,45 – 5,57 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 7 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,07 теңгеге төмендеп, 494,26 теңге болған.