Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 498-506 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық банктің 16 наурызға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 505,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,89 теңге. Еуро – 550,31.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 498 теңге. Еуро 542-548 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 506 теңге, сатып алу құны – 500 теңге. Еуро 547 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,70-5,85 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 14 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 9,13 теңгеге қымбаттап, 504,72 теңге болған.