Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 521–532 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабаралайды inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 527,5 теңге. Еуро 540–545 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 525 теңге, сатып алу құны – 532 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 552 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,70–5,05 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 31 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,53 теңгеге қымбаттап, 525,10 теңге болған.