Қазанның қорытындысы бойынша, қоғамдық тамақтану қызметі бір айда 1%-ға және бір жылда 8,8%-ға қымбаттады. Айлық динамикада Ақмола (4,1%), Түркістан (3,8%) және Қызылорда (3,2%) облыстарында баға қатты өсті. Айта кету керек елдегі 17 өңірдің жатеуінде 2020 жылғы қазандағы баға сақталған.
Қоғамдық тамақтану орындары бойынша, жылдық динамикада да Түркістан облысында баға қатты өскен (бірден 37%). Одан кейін Елорда (11,4%) және Солтүстік Қазақстан облысы (11%-ға) тұр.
Бағаның ең төменгі өсімі Батыс Қазақстан облысында тіркелген (1,2%). Қоғамдық тамақтану объектілері арасында асханалардың қызметтері бір жылда – 10,7%-ға, жылдам қызмет көрсету ұйымдарының қызметтері – 10,3%-ға, мейрамханалар, дәмханалар мен ұқсас мекемелердің қызметтері – 6,2%-ға өсті. Оның ішінде мейрамханада түскі ас 6,7%-ға, кофеханада кофе мен шай 5,1%-ға қымбаттады.
Мейрамханалар мен дәмханалардың қызмет көрсету бағасының өсуі бойынша Түркістан облысы алда (жылына 14,4%), ең төмені – Атырау облысында (1%). Батыс Қазақстан облысында баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды. Елдегі орташа өсім –6%.
Жылдам қызмет көрсету ұйымдарының қызметтеріне бағаның ең жоғары өсуі Түркістан облысында (бірден 28%), ең төмені –Батыс Қазақстан облысы (2,4%-ға) байқалды. Қарағанды облысында бағалар сол деңгейде қалды.
Асханалар қызметтеріне бағаның ең жоғары өсуі Түркістан облысында (плюс 68,6%), ең төменгісі – Жамбыл облысы (0,9%). Орташа өсім – 11%.
Елдегі кафелер мен мейрамханаларда бағалар орта есеппен 10-15%-ға өсті. Биыл олар сатып алатын азық-түлік айтарлықтай қымбаттады. Баға мен шығын материалдары 15%-ға өсті. Мейрамхана бизнесінің 80%-ы үй-жайларды жалға алады. Жалдау ақысы да өсуде.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мейрамханалар мен басқа да қоғамдық тамақтану пункттерін жалға алу бағасы бір жылда 3,1%-ға өсті. Бұл – орташа есеп. "Шарықтап" кеткен өңірлер баршылық. Маңғыстау облысында осындай үй-жайларды жалға алу бірден 56,1%-ға, Қарағанды облысында – 16,7%-ға, Шымкентте – 14%-ға қымбаттады.
Тікелей мейрамханаларды жалдау бағасы 4,5%-ға (3,3 мың теңгеге дейін), асханалар – 2,8%-ға (1,4 мың теңгеге дейін), кафелер – 2,1%-ға (шаршы метр үшін 3 мың теңгеге дейін) өсті.