Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының мектептерін аралады

562

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының мектептерін аралады Фото: t.me/aimagambetov

Министр алдымен Қосшы ауылындағы үшауысымды мектептер мәселесі қалай шешіліп жатқанын, жаңа мектептердің құрылыс жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын тексерді. Сондай-ақ "Жайлы мектеп" жобасы бойынша салынатын жаңа мектептердің қайда орналасатынын қарап шықты.

"Қазір Талапкер ауылындағы мектепке және басқа да елді мекендерге баруды жоспарлап отырмын. Онда "Жайлы мектеп" жобасы бойынша жаңа мектептер салынады. Президенттің тапсырмасы бойынша дайындалған жобаның арқасында оқушы орындарының тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі", - деп жазды А.Аймағамбетов телеграм арнасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу