Асхат Аймағамбетов: Балалардың қауіпсіздігін арттыру қажет

979

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кейінгі кезде болып жатқан қайғылы оқиғаларға байланысты пікір білдіріп, балалар мен студенттердің қауіпсіздігін арттыру керегін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Асхат Аймағамбетов: Балалардың қауіпсіздігін арттыру қажет

"Мектепке барған кезде күзет жүйесінің, бейнебақылау камераларының жұмысымен, дабыл түймелерінің, турникеттердің орнатылуымен таныстым. Мектептер, колледждер, жоғарғы оқу орындары басшыларына және әкімдіктер мен министрлікке балаларымыздың қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Соңғы қайғылы оқиғалар мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын көрсетеді", – деді министр. 

Оның айтуы бойынша, тәрбие жұмыстарын да жүйелі жүргізу қажет. Психологтар мен әлеуметтік педагогтердің жұмысы, сонымен бірге балаларды форс-мажорлық әрекеттер туралы хабардар ету маңызды.

"Абай атындағы ҚазҰПУ-да болдым. Министрлікке бағынышты ЖОО-ның ректорларымен кездесу өткіздім. Қорытындысы бойынша студенттердің қауіпсіздігі, сондай-ақ құрылысқа, жатақханаларды қайта құруға, оқу үдерісіне де қатысты бірқатар тапсырма бердім", – деді Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу