Асхат Аймағамбетов докторантураны бітіргендерге қатысты жағымды жаңалықпен бөлісті

261

Енді докторанттар да мектепте жұмыс істей алады.  

Асхат Аймағамбетов докторантураны бітіргендерге қатысты жағымды жаңалықпен бөлісті Фото: parlam.kz

Елімізде докторантураны грантпен бітірген азаматтар мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарында еңбек етіп, міндетті жұмыс өтеу мерзімін өтей алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұрын докторанттар оқу бітірген соң жоғары оқу орындарында, ғылыми институттарда немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге міндетті болатын. Олар заңнамалық нормаларға сәйкес білім ордаларында жұмыс істеуге бара алмайтын. Тиісінше, мектептегі жұмыс міндетті өтеу мерзімі ретінде есептелмейтін.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұл өзгерістер мектептер мен білім беру ұйымдарын мықты кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

"Түлектерге таңдау беріледі. Олар тек жоғары оқу орындарымен шектелмей, орта білім беру саласында да кедергісіз қызмет ете алады. Ондағы жұмыс өтеу мерзімі заңды түрде толық есептеледі. Осы арқылы балаларымыз заманауи зерттеушілерден тікелей дәріс алады", – деп жазды депутат әлеуметтік желідегі жазбасында.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов шығармашылық және тілдік мамандықтар бойынша докторантураға түсу талаптары өзгергенін айтқан еді. Осы арқылы елімізде бірқатар білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға түсу үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификат алынып тасталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу