Асхат Аймағамбетов Дүниежүзілік банктен "алынған қарыз" туралы мәлімет берді

1773

Дүниежүзілік банктен қарыз алуды депуттардың өзі мақұлдапты.

Асхат Аймағамбетов Дүниежүзілік банктен "алынған қарыз" туралы мәлімет берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Дүниежүзілік банктен алынуға тиіс қарызды неге кері қайырғанын түсіндірді. Бұған дейін "Ақжол" партиясының Параменттегі бірнеше өкілі осы мәселені көтеріп, қарыз алуға кеткен шығын желге ұшты деген мәнде уәж айтқан болатын. 

"Қарыз бойынша да көп сауал болды. 2014 жылы аталған қарыз бойынша шешім шығарылған болатын. 2018 жылы депутаттар оны қолдап, ратификациялады. Сіздер түсінулеріңіз керек. Кез келген жоба іске асарда жоспары мен бағдарламасы жасалады. Ол сияқты Дүниежүзілік банктің де белгілі бір регламенттері мен ережелері бар. Оны бәрі баяғыдан сақтап келеді. Осы жоспар бойынша компьютерлер 2021 жылы сатып алынуы керек болған. 2020 жылдың бекітілген бюджетінде бәрі айтып жүрген қаражат енбеген. Сонда да, наурыз айында көп техника керек екені белгілі болғанда Дүниежүзілік банкке жүгініп, әріптестерімізге де процедураны тезірек іске асыру үшін өтініш жасағанбыз. Бірақ халықаралық конкурстық сауда болғандықтан, ереже бойынша процедура 9 айдан 12 айға дейін созылатын еді. Тіпті наурызда конкурс жариялаған күннің өзінде компьютерді жеткізу былай тұрсын, келісімшарттың өзі 2021 жылы ғана бекітіледі екен. Сондықтан жергілікті атқарушы органдандардан, жалпы бюджеттен компьютер сатып алуға қаражат бөлініп қойғанын ескеріп, аталған шараны кері қайыру туралы шешім шығарылды. Өйткені  сатып алынып жатқан компьютерлердің үстіне қайталап сатып алудың қажеті болмады. БАҚ өкілдері де осы мәселені ескергенін қалар едім", – деді Асхат Аймағамбетов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу