Асхат Аймағамбетов: Мұғалімдер аптаның бұл күнін өз еркінше пайдалана алар еді

1707

"Егер мектеп бес күндік жүйеге өтіп кетсе, мұғалімдердің сенбі күнін өз еркіне қарай пайдалануына болады. Мұғалімдер бұл уақытта балаларымен бола алады", – дейді білім және ғылым министрі.

Асхат Аймағамбетов: Мұғалімдер аптаның бұл күнін өз еркінше пайдалана алар еді

Еліміздің мектептерінде мұғалімдер аптаның бес күнінде ғана жұмысқа келетіндей бірыңғай жұмыс аптасы бекітілуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бес күндік жұмыс аптасы туралы сұрақтар жиі қойылады. Тіпті мектептердің бір бөлігі аптасына бес күн оқу жүйесіне көшіп те алған. Бірақ, ол бағытта әлі де мәселелер баршылық. Яғни, балалар бес күн оқығанымен, мұғалімдер бәрібір сенбі күні мектепке келуге міндеттеледі. Әрине, мұндай үрдіс барлық өңірлерде бар деп айта алмаймыз. Алайда біздің бәріміз де бұл әдіспен алға жылжуымыз керек", – деді Асхат Аймағамбетов елордада өткен Тамыз конференциясында.

Білім және ғылым министрінің айтуына қарағанда, бес күндік жұмыс аптасы бірыңғай тәртіпте белгіленсе мұғалімдер аптаның бұл күнін өз еркінше пайдалана алар еді.

"Егер мектеп бес күндік жүйеге өтіп кетсе, мұғалімдердің сенбі күнін өз еркіне қарай пайдалануына болады. Мұғалімдер бұл уақытта балаларымен бола алады", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу