Асхат Аймағамбетов онлайн несиеден автоматты түрде бас тарту қызметін енгізуді ұсынды

597

Халық қалаулысы онлайн несиеден автоматты түрде келіспеу функциясын енгізуді сұрап отыр. 

Асхат Аймағамбетов онлайн несиеден автоматты түрде бас тарту қызметін енгізуді ұсынды Фото: ortcom.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов онлайн несие беруге қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат осыған дейін онлайн несиелерден автоматты түрде бас тарту туралы қызметті орнатуға қатысты ұсыныс бергенін жеткізді. 

"Меніңше, бұл несие алу бойынша алаяқтықтан қорғау үшін өте маңызды шешім болар еді. Қазір жағдай қандай? Азаматтар eGov-қа кіріп, бір нүктені басып, несиеден бас тарта алады. Бірақ осы құқығын кім пайдаланғаны бойынша статистиканы қарасақ, өте аз адам. Себебі көп азаматтар бұл туралы білмейді. Бұл ақпаратты жеткізу өте қиын. Біздің ұсынысымыз – автоматты түрде келіспеу функциясын енгізу. Тек несие аламын дегендері ғана eGov-қа кіріп, несие алуға дайын екені туралы растау керек. Қазақстанда 20 миллион азамат болса, оның 10 миллионы несие аламын десе, eGov-қа кіріп растай салады. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ 10 млн-нан астам азамат па, 5 млн-нан астам азамат па, әсіресе зейнеткерлер, ауылда тұратын азаматтардың артынан ешкім несие алмаушы еді", - деді ол.

Асхат Аймағамбетов бұл түзету зейнеткерлерді және басқа да азаматтарды алаяқтықтардың әрекетінен қорғайтын еді деп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу