Асхат Аймағамбетов Президенттің Абай өлеңін оқу эстафетасын жалғастырды

2111

Мемлекет басшысы бұл эстафетаны 9 жастағы Ләйлім Шырақтан қабылдап, Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінен үзінді оқып, жауап берген еді.

Асхат Аймағамбетов Президенттің Абай өлеңін оқу эстафетасын жалғастырды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президенттің Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырып, "Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап" өлеңін оқыды. Министр кезекті эстафетаны білім және ғылым саласының мамандарына жолдады.

"Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан зор құрметпен қабылдап, кезекті эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына және студенттер мен оқушыларға жолдаймын",– деді видеожолдауда Асхат Аймағамбетов. 

Айта кетсек, 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім Шырақ есімді қыз қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған еді. Мемлекет басшысы Ләйлім Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінен үзінді оқып, жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу