"Ол марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, 26 жастағы педагогтің ата-анасына ержүрек және батыр ер азаматты тәрбиелегені үшін алғыс айтты. Мерей Ибрагимов 29 мамыр сел тасқыны орын алған күні Шарын шатқалына экскурсияға барғандардың қатарында болды. Жас мұғалім оқушыларды құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болғаны, тағы біреуінің із-түзсіз жоғалғаны хабарланған болатын.