"Таңертеңнен бері Түркістан облысындағы алты ауылға барып, жеті мектептің жұмысымен таныстым. Соның ішіндегі екі мектеп басшысының жұмысына төмен баға беруге болады. Өз құзыреттеріндегі міндеттерін орындауына және қажетті жұмысты ұйымдастыруларына қатысты сұрақтар бар. Сондай-ақ мектептердің біріндегі кітапханашыға "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша атқарып жатқан жұмысы үшін алғысымды айттым. Тағы екі мектепте осы жоба бойынша жұмыс тиісті деңгейде орындалып отырған жоқ", – деп жазды ведомство басшысы әлеуметтік желіде.
Анықталғандай, мектеп басшыларының аттестациядан өту мерзімі өтіп кетсе де, облыстың кей аудандарында 5 жылдан астам уақыт бойы аттестация өткізілмеген.
Министр алда облыстың басқа да білім беру ұйымдарының жұмысымен таныспақ.