"Қазір уақытымды балаларыммен өткізіп жатырмын. Олардың тәрбиесіне мән беріп, балабақша, мектепке алып барып, әкелумен айналысып жүрмін. Жуырда Астана қаласындағы ірі әрі сапалы білім беретін университеттердің бірі ұсыныс білдірді. Біраз тәжірибеңіз бар, студенттермен бөліссеңіз деді. Өзім педагог, оқытушы болғаннан кейін маған ол жақын. Қарапайым оқытушы болып, студенттермен жұмыс істеу деген ұсынысты қабылдадым. Қазір құжаттармен яғни оқу бағдарламасымен айналысып жатырмын", - деді Асхат Аймағамбетов.
Экс-министрдің айтуынша, оқытушы болудан басқа да ұсыныстар түскен.
"Жеке сектор бойынша да, басқа да түрлі ұсыныстар бар. Ұсыныстар бойынша соңғы шешімді жақында қоғамға жеткіземіз. Ағартушылықпен айналысу, балаларға тәрбие, білім беру, жинаған тәжірибемен бөлісуді қайда жүрсең де оны бірге алып жүруге болады. Өзім өскелең ұрпақпен тәжірибеммен бөлісуді жөн көріп отырмын", - дейді ол.