Асхат Оралов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

679

Асхат Оралов 2019 жылдың сәуір айынан қазірге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 

Асхат Оралов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Оралов Асхат Раздыкович ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

А. Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 

2013-2016 жж. — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Протокол бөлімінің аға маманы.

2014 жылдан 2016 жыл аралығында — "Нұр Отан" партиясының "Нұр" филиалының төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 жж. — "Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысының м.а. 

2017-2018 жж. — "Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысы. 

2018 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін — ҚР Дін және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры. 

2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасының орынбасары болып еңбек етті. 

2019 жылдың сәуір айынан қазірге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу