"Асхат Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалсын", - деп жазылған Мемлекет басшысының Жарлығында.
Асхат Оралов 1990 жылдың 10 ақпанында Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келген.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ны "Аударма ісі" және "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген, магистрлік және PhD докторлық дәрежесіне ие.
2010-2014 жж. - Астана қалалық "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанатының хатшылығында басшылық қызметтер атқарған.
2011-2012 жж. - Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның әлеуметтік-тәрбие жөніндегі департаментінде бас маман.
2013-2014 жж. - Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ұйымдастырушылық жұмыс жөніндегі бөлімінде бас маман.
2014-2016 жж. - Астана қалалық "Нұр Отан" партиясының "Нұр" филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2018-2019 жж. - Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаменті директоры.
2019 жылдың 12 сәуірінен - Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары
2020 жылдың 13 шілдесінен - Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі қызметінен босатылды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылдың 2 ақпанынан Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы.
2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды.
Еске салайық, осыған дейін Дәурен Абаевтың қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз.