Асхат Раздықұлы 1990 жылы 10 ақпанда дүниеге келген.
Павлодар облысының Ақсу қаласында туған.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ны "Аударма ісі" және "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген, магистрлік және PhD докторлық дәрежесі бар.
Еңбек жолы: 2010-2014 жж. – Астана қалалық "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанатының хатшылығында басшылық қызметтер атқарған.
2011-2012 жж. – Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның әлеуметтік-тәрбие жөніндегі департаментінде бас маман.
2013-2014 жж. – Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ұйымдастырушылық жұмыс жөніндегі бөлімінде бас маман.
2014-2016 жж. – Астана қалалық "Нұр Отан" партиясының "Нұр" филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2018-2019 жж. – Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаменті директоры.
2019 жылдың 12 сәуірінен – Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Павлодар облысы әкімінің орынбасары (2019-2020).