Асхат Оралов туристік кешбэк енгізуді ұсынды

Абай, Ұлытау облыстары сынды жаңа бағыттарға шығындар сомасының 20% қайтарылады, Алматы, Бурабай сияқты танымал және сүйікті бағыттарға кешбэк 10% құрайды. 

Асхат Оралов туристік кешбэк енгізуді ұсынды Фото: Голос народа

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қазақстандықтар үшін туристік кешбэк енгізуді ұсынды. Аталмыш бастама туралы ол министрліктің туризм мәселелеріне арналған кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министр енгізуді жоспарлап отырған бағдарлама бойынша қаржы жолдамалар ресми туристік агенттіктерден сатып алынған кезде қайтарылады. Сонымен қатар тур белсенді демалыс маусымынан тыс кезде сатып алынған жағдайда азаматтарға оның құнының 20%-на дейін қайтаруға мүмкіндік береді.

Мысалы, Абай, Ұлытау облыстары сынды жаңа бағыттарға шығындар сомасының 20% қайтарылады, Алматы, Бурабай сияқты танымал және сүйікті бағыттарға кэшбек 10% құрайтын болады.

"Біз аталған бағдарламаның барлық тетігін толық және сапалы пысықтау үшін жұмысты қолға аламыз. Кешбэк – ішкі туризмді тартымды етудің жаңа құралы. Сұранысты арттыра отырып, отандық туристік агенттіктерге де қолдау көрсетеміз. Министрлік туристік кэшбек енгізу мәселесін қарауды жеделдетуі керек деп санаймын", - деп атап өтті Асхат Оралов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу