"Асхат Шахаров, туған күніңмен!"

1989

Ақтөбе әкімі өзін құттықтағандарды сотқа бермек.

"Асхат Шахаров, туған күніңмен!"

Өзін африкалықтардың туған күнімен құттықтаған бейнероликті көрген Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров оны ұнатпаған. Мұны абыройына нұқсан келтірді деп түсінген әкім оны ұйымдастырушыларды сотқа бермек ниетте, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация<\/a>

Бейнероликте африкалықтар туған күн иесінің суретін сүйіп, оның құрметіне би билейді. Белгілі болғандай, Шахаров мырза мұндай ерекше құттықтауға шамданып қалған, сол себепті ар-намысын қорғап, сотқа жүгінбек. Әзірге бұл роликтерді кімдердің, қандай жолмен дайындап жүргені белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарды да дәл осылай құттықтаған болатын. Ол да бейнебаянның ұнамағанын айтып, БАҚ арқылы ренішін білдірген еді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу