Алматыда дзюдодан Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мамандарының қатысуымен құрлықтық және халықаралық дәрежедегі төрешілерге арналған семинар-емтихан нәтижесінде қазақстандық төреші Самат Сапишев IJF International – халықаралық төреші, Асхат Жіткеев пен Николай Иванов IJF Contenintal дәрежесіндегі төреші атағына ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
19 төреші IJF Contenintal және 21 төреші International дәрежелерін алып, растайтын сертификаттармен марапатталды. Семинарға барлығы 18 елден 42 рефери қатысқан болатын.
Халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие болған мамандар Гран-при, Grand Slam, құрлықтық және әлем чемпионаттары, Олимпиада ойындарында төрелік ететін болады.
Бұл семинар елімізде биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан дзюдо федерациясы IJF-пен бірлесе отырып, бұндай халықаралық деңгейдегі шараларды жыл сайын ұйымдастыруды жоспарлауда.