"Түрікменстан азаматтарының Түрік Республикасында болу ережелерін жүйелі негізде жетілдіру мен жүргізу мақсатында түрікмен тарапы Түрік Республикасының мемлекетіне Түрікменстан азаматтары үшін әртүрлі санаттағы виза режимін уақытша негізде енгізу туралы өтінішпен жүгінді", — делінген хабарламада.
Әзірге түрікменстандықтар Түркияда 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Визалық режимді енгізу мәселесі 1 шілдеде Ашхабадта Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түркия вице-президенті Фуат Октай арасындағы кездесуде қозғалған болатын.
"Бүкіл түркі тілді әлем үшін біздің есігіміз ашық, сондықтан біз ешкімді визамен шектегіміз келмейді", – деді Фуат Октай.
Алайда Түркия тамыздың басынан бастап Түрікменстан азаматтарын визасыз кіргізуді тоқтатқан. Түркия СІМ бұл деректі жоққа шығарып, өткізу режимі өзгерген жоқ деп мәлімдеді.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 10 қыркүйекте Ашхабадта түрік визаларын алуға өтініш қабылдайтын кеңсе ашылады. Қажетті құжаттар пакеті алдымен Түрікменстанның көші-қон қызметіне жіберіледі, содан кейін мақұлданған жағдайда виза алу үшін Түрік консулдығына жіберіледі.
COVID-19 пандемиясына дейін Түркия Түрікменстан азаматтары үшін визасыз режим мен тікелей рейстер бар әлемдегі жалғыз ел болды. Сондықтан бұл ел түрікмен еңбек мигранттары арасында өте танымал болды.
2020 жылдың көктемінде Ашхабад барлық елдермен, соның ішінде Түркиямен тұрақты әуе қатынасын тоқтатты. Рейстердің біртіндеп қайта жандануы ағымдағы жылдың жазында басталды.
Динара Мұрат