Ашхабадта жаңадан сайланған Түркіменстан президентін ұлықтау рәсімі өтеді

1172

Ашхабадта жаңадан сайланған Түркіменстан президентін ұлықтау рәсімі өтеді

Ашхабадта Түркіменстанның жаңадан сайланған басшысы Құрбанғұлы Бердімұхамедовты ұлықтау рәсімі өтеді, деп мәлім етті жұма күні Түркіменстанның Мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

Агенттіктің айтуынша, салтанатқа шет елдердің ресми өкілдері, Түркіменстанда тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысады.

Бұдан өзге, рәсімге Түркіменстанға бақылаушы ретінде келген халықаралық ұйымдардың  өкілдері, Түркіменстанның шет елдердегі елшілері, ұлттық және шет елдік БАҚ, қоғам өкілдері қатысады, делінген хабарламада.

Ұлықтау рәсімінен кейін Түркіменстан президенті "Оғызхан" сарайы алдында әскери шеруді қабылдайды деп жоспарланған.

Айтулы оқиғаға байланысты Конгресс сарайында өнер шеберлерінің мерекелік концерті өтпек.

Айта кетейік, тоғыз үміткер қатысқан Түркіменстан президенті сайлауында 3 млн  163 мың  692 сайлаушы дауыс берген. Бұл жалпы халық санының  97,28 пайызын құрайды.
Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша, Құрбанғұлы Бердімұхамедовке сайлаушылардың 97,69 пайызы дауыс берген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу