Әшімбаев "азаптау" туралы: Полицейлердің жеке кегі болуы мүмкін

899

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев полицияға азаптау туралы бұйрық берілуі "мүмкін емес" деп ойлайды. Полиция қызметкерлерінің "жеке кегі бар болуы мүмкін".

Әшімбаев "азаптау" туралы: Полицейлердің жеке кегі болуы мүмкін

"Қаңтар оқиғалары кезінде полиция қызметкерлерінің жолдастарына қатысты жекелеген кегі бар болуы мүмкін. Бірақ азаптауды ақтауға болмайды. Азаптауға қатысқан полиция қызметкерлері жауапқа тартылуға тиіс", – дейді Әшімбаев. 

Әшімбаев "осындай жағдайлардан кейін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев отставкаға кетуі керек пе?" деген сауалға нақты жауап бермеді.

Айта кетейік, кеше бас прокуратура өкілі елде алты адам уақытша ұстау изоляторларында азапталып көз жұмғанын мәлімдеген.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу