Әшкеев АҚШ-тағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады

829

Боксшы салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Әшкеев АҚШ-тағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады

Жеңілмеген қазақстандық боксшылар Мадияр Әшкеев (10-0, 6 КО) пен Мейірім Нұрсұлтанов (9-0, 7 КО) АҚШ-тағы Санта-Инестегі жекпе-жектері алдында салмақ өлеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

10 раундты жекпе-жекте Әшкеев пуэрторикалық Луис Эрнандеспен (16-6, 9 КО) жұдырықтасады. Қос боксшы да өлшеу кезінде орта салмақтың лимитіне 154 фунтов (69,85 келі) дәл түсті.

Нұсрсұлтанов болса, мексикалық Рамон Агинагимен (13-1, 9 КО) сегіз раундты кездесу өткізеді. Қазақстандық 161,8 фунт, ал қарсыласы – 167,6 фунт болды. Айырмашылық айтарлықтай – 73,391-ге қарсы 76,022 келі. Орта салмақ лимиті 160 фунт, алайда, титулды емес жекпе-жектерде мұндайға аса назар аудармайды. 

Санта-Инестегі бокс кешінде бес кездесу өтеді. Бұл шоудың басты кездесуі Әшкеевтің жекпе-жегі. Астана уақыты бойынша бокс кеші қаңтардың 11-нен 12-не қараған түні басталады. 

Еске салайық, Әшкеев пен Нұрсұлтановтың ісін америкалық Main Events промоутрелік компаниясы мен менеджер Эгис Климас жүргізеді. Бұл компания мен менеджер танымал боксшы әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Сергей Ковалевпен (32-3-1, 28 КО) де істес екенін айта кетейік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу