АШМ "Касперский зертханасының" сыйлығын мемлекеттік қорға тапсырды

646

АШМ "Касперский зертханасының" сыйлығын мемлекеттік қорға тапсырды

Елорданың 20 жылдығына орай антивирустық бағдарламалардың басты әзірлеушілерінің бірі "Касперский зертханасы" АҚ ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығына ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін төмендету бойынша флагмандық өнімнің арнайы нұсқасын сыйлады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" ҚР Заңдарына сәйкес аталған сыйлық арнайы мемлекеттік қорға тапсырылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, министрлік 2015 жылы мемлекеттік органдардың арасында алғашқы болып ҚХР делегациясымен ресми кездесу кезінде басшылыққа сыйлаған ұялы телефонды мемлекеттік қорға тапсыраған еді. Кейіннен мобильді құрылғылар саудаға шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу