АШМ: Әдеп жөніндегі жаңа уәкіл тағайындалды

554

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып Ильхам Ахметов тағайындалды. 

АШМ: Әдеп жөніндегі жаңа уәкіл тағайындалды

Тиісті бұйрыққа министрлік аппаратының басшысы қол қойды.

Илхам Бақтыбайұлы Ахметовтің заңгерлік және ветеринарлық білімі бар. Жапонияда ауыл аудандарын дамыту бағыты бойынша тағылымдамадан өткен.

Әр жылдары ветеринар-фельдшер, ветеринариялық дәрігер, шаруа қожалығы директорының орынбасары, АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ тағайындалғанға дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметі мен өңірдің аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу