АШМ: Агросақтандыру сыйақыларын субсидиялау 50%-дан 80%-ға дейін артады

630

Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін сақтандыру полисінің құнын төмендетуге мүмкіндік беріп, сондай-ақ агросақтандыруды одан да қолжетімді ете түспек.

АШМ: Агросақтандыру сыйақыларын субсидиялау 50%-дан 80%-ға дейін артады

2022 жылы 5 қыркүйекте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығындағы өзгерістерге сәйкес аграрлық секторда сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау нормативі 50%-дан 80%-ға дейін артады, деп хабарлайды inbusiness.kz   АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 2020 жылдан бастап Қазақстанда АӨК сақтандырудың жаңа жүйесі жұмыс істейді. Сақтандыру сыйақыларын субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қарыз және саудалық қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Қазіргі уақытта өсімдік және мал шаруашылығы салаларында келесідей сақтандыру өнімдері бекітілген:

  • Топырақтың ылғалдылығының жетіспеушілік индексін сақтандыру;
  • Топырақтың артық ылғалдылық индексін сақтандыру;
  • Күздік дақылдар үшін топырақ ылғалдылығының жетіспеушілік индексін сақтандыру;
  • ІҚМ, ҰММ, жылқы мен құстарды сақтандыру.

Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруға дәнді дақылдар (бидай, сұлы, арпа, жүгері), күздік және майлы дақылдар жатады.

Сондай-ақ пассивті микротолқынды қашықтықтан зондтау негізінде "өсімдіктердің оптикалық тереңдігі" индексінің мониторингін көздейтін биомасса индексін сақтандыру бойынша сақтандыру өнімі жұмыс істейді.

Өсімдіктердің оптикалық тереңдігі өсімдіктердегі судың салыстырмалы мөлшерін анықтап, өсімдіктердің өсуі мен биомассасын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу