АШМ бидай импортын шектеуге қатысты бұйрыққа өзгеріс енгізді

610

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

АШМ бидай импортын шектеуге қатысты бұйрыққа өзгеріс енгізді Фото: inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023 жылғы 25 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының аумағына бидайды автомобиль және теміржол көлігімен әкелуге тыйым салу туралы" бұйрыққа түзетулер дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атап айтқанда, бұйрық "бидай импортына тыйым салу бидайдың Қазақстан аумағы арқылы транзитіне қолданылмайды" деген жолмен толықтырылды.

"Қазақстан Республикасының аумағына бидай импортын лицензиясы бар элеваторлар, астық өңдеуші кәсіпорындар, құс шаруашылығы кәсіпорындарын қоспағанда үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобильмен,  темір жол және Қазақстан аумағы арқылы бидай транзитін қоспағанда Қазақстан аумағына бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынады", делінген құжатта.

Құжат 6 қазанға дейін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу