АШМ білім грантын пайызсыз несиеге ауыстыруды ұсынды

629

АШМ білім грантын пайызсыз несиеге ауыстыруды ұсынды

Аграрлық жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектердің басқа салаға бет бұруын доғаратын қадамдар керек. Мұны бүгін мәжілісте "Өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеудің проблемалары туралы" тақырыптағы дөңгелек үстелде ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рақымбеков мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

Оның айтуынша, кадр даярлау мәселесін шешу үшін бұл шараға кәсіпорынның өзін тарту керек, бұл ретте олар жоғары оқу орындары алдында тапсырыс беруші ретінде әрекет етуі тиіс. Осы орайда білім грантын ұсынудан пайызсыз несие бөлуге ауысу мүмкіндігін қарастырған жөн, яғни бұл пайызсыз несиелер өндірісте еңбекпен өтеу кезінде субсидияланады.

"Бұндай тәртіп бүгінде бірқатар елде енгізілген. Дәлірек айтсақ, бұл қадам алған біліміңмен жұмыс істеген жағдайда тура гранттағы секілді болады", – дейді вице-министр.

Оның айтуынша, қазір аграрлық жоғары оқу орындарының ветеринарлық, агрономдық және инженерлік факультеттерін тәмамдаған көптеген түлек дипломын алғаннан кейін, "заңгер" немесе "экономист" мамандықтарына басқа жоғары оқу орнына түседі.

"Өздеріңіз білесіздер, жас маманның көбісі екінші диплом үшін басқа оқу орнына түсіп жатады", – дейді Төлеутай Рақымбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу