Қазақстанда бос жайылым мәселесі өзекті болып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, елдің барлық өңірінде бос жайылым мәселесі өзекті болып саналады.
"2019-2021 жылдары жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ауыл шаруашылығында мақсатсыз пайдаланылған 8,1 млн га жер анықталды. Оның ішінде 6,8 млн га жер жайылым", – деп жазылған хабарламада.
2021 жылы министрлік жалпы аумағы 1,3 млн га болатын жайылым мен егістік жерін анықтаған.
"Осыған байланысты биыл ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жұмыстың қарқынын арттыруды жоспарлап отыр. Ведомство жыл соңына дейін ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын тағы 5 млн га жерді анықтамақ, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп", – деп жазылған хабарламада.