АШМ бұқа мен қой экспортына рұқсат береді

1393

Қазақстанда асыл тұқымды ұрғашы ірі қара мал мен ұсақ малдың экспортына уақытша тыйым салынған болатын.

АШМ бұқа мен қой экспортына рұқсат береді

Белгіленген квота аясында жас бұқа мен қойды сыртқа шығаруға рұқсат етіледі. Бұл ақпаратты ElDala.kz порталына Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Ауылшаруашылығы министрлігінде хабарланғандай, жақын күндері бұқалар мен қойларды экспортқа шығаруға бөлінетін квота мөлшері анықталып, тиісті жаңа бұйрық жарияланады.

"Аналық малдың экспортына 6 ай мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылданды. Бұқаларға квота берілетін болады. Қажетті ережелер дайындалып жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес квотаны бөлу және рұқсат беру тәртібі 10 ақпанға дейін әзірленуі керек.

Бұған дейін сарапшылар ҚР тірі малды экспорттайтын болса, елдегі ет бағасы қымбаттайды деп мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу