АШМ делегациясының Қытайға іссапарының нәтижесі жарияланды

787

Қазақстан Қытайға сүт өнімдерін жеткізуді ұсынды.

АШМ делегациясының Қытайға іссапарының нәтижесі жарияланды

Қазақстан Қытайға сүт өнімдерін жеткізуге дайын, оның ішінде бие мен түйенің құрғақ сүті де бар, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Қазақстан АШМ делегациясы Қытайға барды. Онда бірқатар ауыл шаруашылығы өнімінің экспортына қатысты мәселелер шешілді.

"Қытай тарабы сүт өнімдері бойынша материалдарды құжаттық тексеруді аяқтады, сүт өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған хаттамаларды дайындауға әзір", ­– делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қытай тарабы доңыз етін импорттауға қызығушылық танытты. Қазіргі уақытта ҚХР-дің басты кедендік әкімшілігі шошқа ауруларын бақылауға арналған материалдарды құжаттық бақылауды аяқтау кезеңінде.

Сондай-ақ, іссапар барысында осы жылы Пекинде өтетін "Бір белдеу, жол бір" форумында мұздатылған сиыр етін ветиринарлық сертификаттауға қатысты құжатқа қол қойылатыны белгілі болды. Бұл құжат ірі қара етін жеткізуге қатысты процесті аяқтайды.      

Сондай-ақ 4 қазақстандық ет өңдейтін кәсіпорын Қытайдың реестіріне тіркеледі. Бұл оларға қытай нарығына өнімін экспорттауға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ АШМ жылқы етіне ветеринарлық талаптар бойынша хаттаманың жобасын дайындады. Бұдан бұрын Қазақстан мініс аттары мен союға арналған жылқыларға қатысты хаттамаларға қол қойған еді. Бүгінде отандық 6 кәсіпорын тірі жылқыны қытайға жеткізуді бастаған.        

2019 жылы қытайлар қазақстандық зығыр мен жасымықтың сапасын және ұн тартатын кәсіпорындарды тексеруді бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу