АШМ: Егін алқабында дақылдардың 40%-ы жиналды

Биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау алаңы 17,3 млн гектарды құрады. 

АШМ: Егін алқабында дақылдардың 40%-ы жиналды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. 

"Биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау алаңы 17,3 млн га құрады. Бүгінгі таңда республика бойынша 6,9 млн га егіннің 40%-ы жиналды. Орташа өнімділік – 9,5 ц/га, 6,6 млн тонна астық бастырылды. Өткен жылы дәл осы кезеңде 11,6 млн га немесе 72,8%-ы жиналған болаты", – деді министр. 

Сапаровтың айтуынша егін жинау алдында техниканың дайындығы 100%-ға қамтамасыз етіліп, жеңілдетілген ЖЖМ жөнелту белгіленген мерзімде басталды. Сонымен қатар негізгі астықты аймақтарда 3 аптадан астам уақытқа созылған жауын-шашын салдарынан астық сапасының және тұқым өнуінің нашарлауына, сондай-ақ жалпы дәнді дақылдар түсімінің төмен болуына әкелді.

"Ауа-райының қолайсыздығынан зардап шеккен барлық өңірлерде бүкіл мүдделі органдар мен ұйымдарды қоса отырып, зардаптардың ауқымын анықтау үшін жұмыс комиссиялары құрылды", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу