АШМ фермерлердің өтінішін Telegram-бот арқылы қабылдамақ

782

Agro-bot ұсыныстар, шағымдарды қабылдайды.

АШМ фермерлердің өтінішін Telegram-бот арқылы қабылдамақ

Ауыл шаруашылығы министрлігі өтініштерді жедел қабылдап, анықтамалар мен мемлекеттік қызметтерді жеңіл көрсететін Telegram-ботті іске қосты. Ресми құралдың атауы - Agro-bot.  

"Құрал қолданушылармен қазақ және орыс тілдерінде "тілдеседі", сұраныстарға жауап береді, субсидиялау, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин, лицензиялау, жер қатынастары және т.б. мәселелер бойынша анықтамалық ақпаратты жедел бере алады. Электрондық қызметке тапсырыс беру үшін бот пайдаланушыны egov.kz порталының қажетті парақшасына өткізеді", - деп жазады министрліктің сайты.

Agro-bot арқылы ұсыныстар, шағымдар қалдырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі және ведомствоның баспасөз қызметімен жедел байланыс орнату мүмкіндігі бар.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу