Елде төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты сәуірдің басында азық-түлік тауарларын экспортқа шығаруға шектеу қойылған болатын. Ведомство басшысы Сапархан Омаров бұл шектеу осы аптаның басында күшін жойғанын айтты.
"Шектеу шаралары елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қабылданған болатын. Бұл өзіміздің ішкі нарықты қажетті азық-түлікпен қамту үшін жасалды. Бүгінгі күні жасалған іс-шаралардың бәрі өзін толығымен ақтағанын айта аламын. Шекаралар жабылған кезде, сырттан ауыл шаруашылығы тауарларын әкелу қиындаған кезде біз өзіміздің азық-түлік тауарларымен толығымен қамтамасыз еттік. Бұл бұйрық 1 маусым күні күшін жояды. Яғни, шектеу 1 маусымнан бастап алынады", – деді Сапархан Омаров.
Есжан Ботақара