Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров картоп бағасына қатысты түсінік берді, берді деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда өткен жылғы картоп 200 теңгеден сатылуда. Алайда тұрғындар жаңа жиналған картопты сатып алғысы келеді.
"Мысалы, картоп Өзбекстан мен Қырғызстаннан келеді. Әрине, ол қымбат. Қазір шаруалар өткен жылғы картопты сатып жатыр. Олар оны әрі қарай сақтай алмайды. Бірақ адамдар жаңадан жиналған картопты сатып алғысы келеді", - деді министр.
Сапархан Омаров нарықта картоп бағасын ұстап тұру үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
"Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездестік. Оларға субсидия алатын болсаңдар, өнімнің 30%-ы ішкі нарықта сақтаңдар деп талап қойдық. Мысалы, өткен жылы ұн мен астық тапшылығы қаупі болады деген кезде өнімдерді экспорттауға кедергі жасаған жоқпыз. Алайда өнімнің 30%-ын ішкі нарықта қалдыруға жағдай жасадық, қалған 70%-ын экспортқа жіберілді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді министр.
Дәурен Ерболат