АШМ кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамын жаңартады

1003

Сараптамалық кеңестің құрамы үш жыл сайын жаңартылып отырады. 

АШМ кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамын жаңартады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамын жаңартады. Ьұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №799 қаулысымен бекітілген аккредиттеуді жүргізу қағидаларына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Сараптамалық кеңестің құрамы үш жыл сайын жаңартылып отырады. Осыған байланысты, министрліктің сайтында министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттардың жобаларына,
сондай-ақ жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы
қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізу құқығын тану үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарландыру орналастырылған. Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 4 қыркүйектен 17 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу