АШМ қазақстандықтардан құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге көмек сұрайды

729

Үндеу Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жарияланды. 

АШМ қазақстандықтардан құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге көмек сұрайды

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі ел азаматтарына Маңғыстау облысының құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлеріне қайырымдылық көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауа-райының қолайсыздығы мен оның салдары оңай болмай тұр. Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкеп соқты. Жауын-шашынның аздығынан Маңғыстау облысы қатты зардап шекті", – деп жазылған хабарламада.

Ведомство Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатқанын, сондай-ақ елдегі еріктілер де қомақты үлес қосып жатқаны атап көрсетілген.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде, өздерінің бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жіберетіндігі айтылған.

 

 

          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу