АШМ мемлекеттік инспекторлары алты айда 92 миллион айыппұл салды

689

Жыл басынан бері АШМ Мемлекеттік инспекторлары республиканың фитосанитарлық бақылау бекеттерінде 88 мыңнан астам көлік құралын, оның ішінде 68 мыңға жуық автокөлік, 17 мың вагон, 4 мың әуе және 100-ден астам теңіз бен өзен кемелерін тексерді.  

АШМ мемлекеттік инспекторлары алты айда 92 миллион айыппұл салды

2020 жылдың 1 жартыжылдығындағы импортталған өнімдерді тексеру нәтижесінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзу бойынша 1969 оқиға анықталды. Оның ішінде карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитарлық сертификаттың жоқтығы бойынша 1522 оқиға, карантиндік нысандарды анықтау бойынша 29 оқиға, фито-сертификаттар сәйкессіздігінің 36, фитосанитариялық талаптарды бұзудың 96 және тыйым салынған өнімді әкелудің 5 фактісі тіркелді.

555 жағдайда карантинге жатқызылған өнім жүк жөнелтуші елдерге қайтарылды, тағы 9 жойылды. Сонымен қатар, 1,5 мың жеке және заңды тұлғаларға 91 895 338 теңге көлемінде айыппұл салынды. Салыстырмалы түрде: 2019 жылы 2,3 есе аз тәркіленді – 38,6 млн теңге өндірілді. Өсімдіктер карантині заңнамасын бұзғаны үшін жүк жөнелтуші елдерге 177 нотификация жіберілді.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Қазақстаннан өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорты 7 млн тоннаға жуық, республикаға импорт 1,6 млн тоннаны құрады. Фитосанитарлық бақылау қызметі жұмысының айтарлықтай жақсаруы 2019 жылдың 28 қазанында Қазақстанда "АӨК реттеу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

Заң қабылдануымен байланыстырылады. Жаңа заңнама өсімдіктер мен өсімдік шаруашылығын қорғауды нығайту мақсатында өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметін кеңейтті.

Атап айтқанда, оларға фитосанитарлық бақылау бекетіндегі тексеру және карантиндік фитосанитарлық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізу кезеңінде көлік құралдарын тоқтату және карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау нысандарын ұстау құқығы берілді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды фитосанитариялық бақылау бекеттерінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады. Олардың қызметі Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік өнімдердің әкелінуі мен таралуын болдырмауға бағытталған. Қазір республикада 26 сыртқы және 52 ішкі ФББ жұмыс істейді. Атап айтқанда, РФ және ҚР шекаралас аймақтарда карантиндік фитосанитариялық бақылауды күшейту үшін 32 бекет ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу