Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қызметінен уақытша шеттетілді. Оның жұмысынан аластатылуының нақты себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұдан бұрын әлеуметтік желіде Ислам Әбішевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері ақпараттан хабарсыз екендіктерін айтып, толық мәлімет беруден бас тартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу