АШМ субсидиялауды автоматтандырады

891

54 субсидияның 34 түрі қалады. 

АШМ субсидиялауды автоматтандырады

Агроөнеркәсіп кешенінің барлық саласын мемлекеттік қолдау шараларымен қамту мүмкін емес. Сондықтан министрлік салаға қаржы институттарын тартуды көздеп отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Мәселен, биыл негізгі қаражатқа берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау басталады. Бұрын мұндай шарада тек айналымдағы қаражатқа ғана берілетін. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы техникасы лизингін субсидиялау шаралары да жүзеге асырыла бастады. Нәтижесінде бүгінге дейін шаруалар 50 млрд теңгеден астам сомаға екі жарым мыңға жуық техника алды. Өткен жылы көрсеткіш шамамен 17 пайызға төмен болатын.

Жалпы елімізде агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау екі есе артып, 600 млрд теңгеге жуықтады. Бұған дейін қазынадан 240 млрд теңге, жыл сайынғы бюджеттен тағы 60 млрд теңге бөлінетін. Бір жылдан кейін мал шаруашылығы мен балық шаруашылығын қаржыландыру да осы үлгіге көшеді күтілуде. Осылайша 54 субсидияның 34 түрі қалады. Сарапшылар жаңа әдіс сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі деген пікір білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу