АШМ: Сүт пен сүт өнімдерінің қымбаттауы маусымдық сипатқа ие

Биыл сүт саласын субсидиялауға 24,9 млрд теңге бөлінді.  

АШМ: Сүт пен сүт өнімдерінің қымбаттауы маусымдық сипатқа ие Фото: pixabay.com

Жыл басынан бері Қазақстанда шамамен 5,5 млн тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,1% жоғары. 

Тауарлық сүт өндірісінің нақты көлемі 3,4 млн тоннаны құрады, бұл да бір жыл бұрынғыдан 1,3% -ға артық. 

"Соңғы екі жылда өңделген сүттің өзіндік құнының орташа есеппен 50 теңгеге, 2022 жылғы қарашада 197-200 теңгеге дейін өсуі байқалады. Кәсіпорындардағы сату бағасы 235-тен 300 теңгеге дейін жетті. Қараша айында қымбаттаудың негізгі себебі – жем бағасының өсуімен байланысты, бұл өзіндік құнның 70%-ын құрайды. Сонымен қатар, импорттық шығын материалдары, соның ішінде қаптама ыдыстар қымбаттады. Сүт пен сүт өнімдерінің қымбаттауы маусымдық сипатқа ие. Сонымен қатар, биыл сүт саласын субсидиялауға шамамен 24,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде сүт өндіруге 18,6 млрд теңге бағытталды. Аталған мемлекеттік қолдауды саланың 467 субъектісі, оның ішінде сүт-тауар фермалары мен ӘКК-лар пайдаланды", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу