"Аштықтан азып кеткен": Алматы облысында рейд барысында анықталған баланың жағдайы белгілі болды

1267

Бүгінгі таңда дәрігерлер мен мамандар баламен жұмыс жүргізіп жатыр. 

"Аштықтан азып кеткен": Алматы облысында рейд барысында анықталған баланың жағдайы белгілі болды Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер жақында рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Іле ауданында табылған 6 жасар ұл баланың жағдайы туралы сұрады. Мамандар баланың аштықтан әбден тозып кеткенін, сөйлемейтінін анықтаған.

"Біз бұл жағдайды бақылап отырмыз. Бала алғашқы үш жылында қалыпты дамыған, кейіннен оның дамуы тоқтап қалды деуге болады. Бүгінде ол ем қабылдап жатыр. Әрине, баланың өмір сүру жағдайы өте нашар болған. Үйі астаң-кестең, иіс, мысық көп. Анасы баласын қарамаған. Ол бейтаныс адамдардан ғана емес, өз анасынан да қорқады. Қазір дәрігерлер мен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр", - деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу