Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеудің жаңа қағидалары бекітілді

268

Жаңа қағидаттар ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 28 наурыздағы бұйрығымен бекітілді. 

Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеудің жаңа қағидалары бекітілді Фото: pixabay.com

Белгілі болғандай, мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы жіберілген сұрау салулар ақпарат пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сондай-ақ ақпарат пайдаланушылар "электрондық үкіметтің" веб-порталында есепке алу жазбалары болған және оған ұялы байланыс операторы берген ақпарат пайдаланушының абоненттік нөмірі қосылған кезде сұрау салу жібереді.

Мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелерінің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің әкімшісі Блог-платформаға келіп түсетін сұрау салуларды жаңғыртуды жүргізеді.

Заңның 11-бабына сәйкес келмейтін сұрау салуларды әкімші Блог-платформаға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қайтарады.

Егер сұрау салу қарауға қабылданған жағдайда, жауап ақпарат пайдаланушыға мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектісіне келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі.

Егер сұрау салынған ақпарат мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың бірнеше субъектілерінің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың өзге субъектілерінен ақпарат алу талап етілетін болса, қарау мерзімін мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы бір рет күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы ақпарат пайдаланушыға қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.

Мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өз сұрау салуына жауап алған ақпарат пайдаланушы оның сапасын бағалай алады.

Бағалау "Ұнайды" не "Ұнамайды" деген белгілер арқылы жүргізіледі. "Ұнамайды" деген батырманы таңдаған кезде ақпарат пайдаланушы себебін көрсетеді.

Ақпарат пайдаланушының интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізуге қатысу тәртібі

Порталда интернет-конференция немесе сауалнама өткізу үшін мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері, квазимемлекеттік сектор субъектілері Операторға интернет-конференцияны өткізудің және сауалнама жүргізудің толтырылған шаблондарын ол басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жібереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу