"Ашық НҚА"-да құжаттардың толық мәтіні неге салынбайтыны белгілі болды

184

Сайттың функционалына өзгерістер енгізілген. 

"Ашық НҚА"-да құжаттардың толық мәтіні неге салынбайтыны белгілі болды Фото: egov

"Ашық НҚА" порталында мемлекеттік органдардың әлі қабылдамаған қаулылары мен бұйрықтарының жобасы не себепті  толық жарияланбайтыны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әділет министрлігі мұны порталдағы соңғы техникалық мәселелермен түсіндіріп отыр.

"НҚА жобаларын жария талқылау процесін оңтайландыру мақсатында НҚА заңға тәуелді жобаларын орналастыру форматы өзгертілді. Атап айтқанда, халыққа ыңғайлы болу үшін порталда танысу үшін қолжетімді нысанда НҚА жобасының негізгі мазмұны орналастырылатын болады", - делінген жауапта.

Ведомство заң жобалары мен реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарына қатысты бұрынғы тәртіп сақталатынын баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу