Ашық суда жүзуден әлем кубогі кезеңіне елімізден төрт спортшы қатысады

1128

9 қараша күні Әбу-Дабиде ашық суда жүзуден әлем кубогі басталады.

Ашық суда жүзуден әлем кубогі кезеңіне елімізден төрт спортшы қатысады

Аталған додаға әлемнің 40 мемлекетінен 200-ге тарта спортшы қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды prosports.kz.

Олардың қатарында әлем және Олимпиада чемпиондары да бар. 

Кубоктік додада Қазақсан намысын Виталий Худяков, Кенесары Кененбаев, Лев Черепанов және Ғалымжан Балабек қорғайды. Олар 10 шақырымдық жарыста бақ сынайды. 

"Біз 6 қараша күні ұшып келдік. Бүгінде климаттық жағдайға бейімделіп, бірнеше жаттығу өткізіп үлгердік. Барлығы жоспар бойынша өтуде, көңіл-күйіміз де жақсы. Ұзақ уақытқа созылған жаттығудың жемісін көрсек дейміз. Бұл жолы кубоктік сынға кіл мықтылар келді. Біз де жүлдеге таласамыз", - дейді Кененбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу