АҚШ-тағы аукционда 2007 жылы шығарылған, 4 ГБ жады бар, ашылмаған iPhone 190 372 долларға сатылды, деп inbusiness.kz ВВС-ке сілтеме жасап хабарлайды.
LCG Auctions аукцион үйінің веб-сайтында лоттың сипаттамасында:
"Өте сирек кездесетін, зауытта пломбаланған, ерекше жағдайда бірінші шығарылған 4 ГБ моделі", деп жазылған. .
Бұл iPhone нарыққа шығарылған кезде оның бағасы 599 доллар болды. Бұл телефонды сатып алуға 28 өтінім берілген. Лоттың бастапқы бағасы – 10 000 доллар болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу