Өйткені құзырлы органдар тарапынан бақылау тым күшті дейді. Салықтан босатылу үшін сансыз есеп тапсырып, бюрократия тозағынан өту керек-мыс. Инфрақұрылымдық пробеламалар тағы бар. Қалталыларды қолдайтын жоба қалайша олардың бас ауруына айналғанын Саят Ермектің сюжетінен білесіздер.
Мойындау керек, индустрияландыру бағдарламалары айтарлықтай нәтиже бермей келеді. Жарнамасы жер жарған мегажобалардың бойына қуат біткенімен, оның пайдасын экономика да, әлеумет те көре қойған жоқ. "Түрлі кәсіпорындардан аяқ алып жүргісіз болады" деліген арнайы экономикалық аймақтар, өкінішке қарай, бос тұр.
Соның салдарынан болса керек, маңызды азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техникалық һәм химиялық заттарды әлі сырттан аламыз. "Өзімізден сіріңке өнімі де өндірілмейді, ол түгілі тіс шұқығыш та шықпайды" деп жұрт кекетіп те жүр. Мұндай күгей түсуіміздің себебі неде? Қай жерден қателік кетті? Ашылуынан жабылуы тез болған жобаларға кеткен қаржы қайтарыла ма?