Ashyq арқылы азаматтардың қозғалысы бақылануы мүмкін бе?

815

Мамандар көпшіліктің көкейіндегі сауалға жауап берді. 

Ashyq арқылы азаматтардың қозғалысы бақылануы мүмкін бе?

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте БАҚ өкілдері қосымшаға жауапты ведомство басшыларына деректердің қауіпсіздігіне қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сұраққа жауап берген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов жеке деректер арнайы қызметтерге берілмейді, бақылау шаралары жүргізілмейді деп сендірді. 

"Жобаның тұжырымдамасында біздің ешқандай жүйеге қосылмайтынымыз, қандайда бір бақылау шараларын көздемейтініміз айқындалған. Бір ғана айтатын жайт "қызыл" немесе "сары" мәртебе анықталған кезде біз тиісті бизнес объектісіне есеп береміз", - деді вице-министр. 

Әсет Тұрысовтың айтуынша вирус жұқтырғандар мен байланыста болған адамдардың мәліметтері тек санитарлық дәрігерлерге ғана беріледі. 

"Деректерді өкілеттіктері аясында медицина қызметкердері ғана көре алады. Мұның барлығы заңға сәйкес шаралар. Ал заң қаулыдан жоғары. Яғни, заңда "ешкім жеке деректерді пайдалана алмайды" деп жазылған. Дербес деректер сотқа дейінгі тергеу, сот шешімі болған жағдайда ғана ұсынылуы мүмкін", - деді Әсет Тұрысов.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу